«Сот кабинеті» арқылы талап арызберу

Цифрландыру жағдайында сот жүйесінеқолжетімділік едәуір жеңілдеді. Бүгінде азаматтармен заңды тұлғалар талап арыздарды электрондытүрде «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолдайалады.

«Сот кабинеті» — сот органдарына жүгінудіоңтайландыратын бірыңғай онлайн платформа. Аталған жүйе арқылы талап арыз беру, ісматериалдарымен танысу, сот актілерін алу жәнесот отырыстарының уақыты туралы ақпаратқа қолжеткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Талап арыз беру үшін пайдаланушыэлектрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылыжүйеге тіркеліп, тиісті нысанды толтырады жәнеқажетті құжаттарды қоса тіркейді. Өтінішавтоматты түрде сотқа жолданып, оның тіркелуітуралы хабарлама беріледі.

Бұл тәсіл уақытты үнемдеуге, құжатайналымын азайтуға және сот процесініңашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тараптардың сотқа баруын талапетпей, қашықтан жүгінуіне жағдай жасайды.

Қорытындылай келе, «Сот кабинеті» сервисінпайдаланусотқа жүгінудің тиімді, ыңғайлы жәнезаманауи тәсілі болып табылады.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің жетекші маманы А.Р.Русланова

Comments (0)
Add Comment