«Сот болады»: Жұлдыз Әбдікәрімова заңгерлерден көмек сұрады

Өнер иесі кіммен не үшін соттасқалы жатқанын алдағы уақытта жариялайтынын айтты.
instagram

Қайрат Нұртастың әйелі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өз танысымен нақты соттасатынын мәлімдеп, заңгерлерден көмек сұрады.

Оның айтуынша, танысы оның сеніміне кіріп, бірқатар құжатқа қол қойдырып алған. Ал қазір ол сотқа ықпал етуі мүмкін.

«Сот болады. Менің қорғаушыларым қобалжулы. Қарсы тарап таныс-тамырларын қосып, сотқа ықпал етпекке әрекет етіп жатыр екен. Қанша жерден дөкейлерін қосып, тырнағын батырғысы келсе де, мен әділ сотқа сенемін», — деді ол.

Өнер иесі кіммен не үшін соттасқалы жатқанын алдағы уақытта жариялайтынын айтты. Әзірге ол желідегі заңгерлерден көмек сұрап отыр.

«Бәлкім, араларыңызда заңгерлер болса, кеңес берерсіздер. Заңгер, қорғаушы болсаңыз, менің сотым ашық өтсе, келіп қатысасыз ба?», — деп жазды актриса. Жұлдыз Әбдікәрімова сотқа қатысты ақпаратты жарияламас бұрын заңгерлерімен ақылдасып алмақ. Айтуынша, оның қазіргі бар үміті оқырмандарында.

https://turkystan.kz/article/249486-sot-bolady-zhuldyz-bdik-rimova-zangerlerden-komek-surady

Comments (0)
Add Comment