Солтүстік Қазақстанда салымшыларды 400 млн теңгеге алдаған құрылыс фирмасының басшылары сотталды

Фото: Stan.kz

Облыстық прокуратураның мәліметінше, құрылыс компаниясының басшылары салымшыларды алдап алған қаржыны құрылысқа қатысы жоқ қажеттіліктерге жұмсаған.

“Алаяқтар облыс орталығының 48-ден астам тұрғынын алдап, оларға 400 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәлі екенін дәлелдеді. Екі айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Апелляцияда облыс прокуратурасы алданған азаматтардың талаптарын қолдап, соттың қаулысымен олардың талаптарын қанағаттандыру арқылы мүдделері қорғалды.



Бұған дейін заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер сотталған еді.

https://stan.kz/soltustik-kazakstanda-salimshilardi-400-mln-tengege-ald-404802/

Comments (0)
Add Comment