Соғыс ардагерін ардақтаған Орынбеков

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Ұлы Жеңіс күніне орай соғыс ардагері Иван Федрович Макеевті құттықтап, құрмет көрсетті деп хабарлайды asaaqparat.kz

Өкінішке қарай, жыл өткен сайын соғыс көрген майдангерлердің қатары азайып барады. Иван Макеев жат жерде дүниеге келсе де, ортақ Отан ұғымын берік ұстанған қарт сарбаз.

Мереке қарсаңында гүл шоқтарын ұсынып, ізгі тілегін арнаған қала әкімі ардагердің кейінгіге қалдырған мұрасы мол екендігін айтты.

Өрімдей бозбала шағында майдан даласында атой салған сол күнгі сарбаз бүгінде ақыл айтар дана қария.

Соғыстан кейін де еңбекке араласып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан. Түрлі дәрежедегі медальдармен марапатталады.

Өткен өмірі өнегеге толы ақсақалқа зор денсаулық тілеп, аман-есендігін тіледі.

Ерлік әрдайым ел жадында, қадірлі ардагерлер!

Comments (0)
Add Comment