СҚО-да 32 млн теңгенің бидайын ұрлаған күдіктілер анықталды

 Сурет: www.istockphoto.com

Анықталғандай, бидай 2024 жылғы мамыр айының соңында және маусым айының басында түнгі уақытта тіркемесі бар КамАЗ жүк көліктерімен шығарылған. Шығын 32 миллион теңгеге жуықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, жүк көліктерінің жүргізушілері мен 1982, 1985 жылдары туған екі күдіктіні, сондай-ақ көршілес Қостанай облысындағы сатып алушыларды анықтады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық автокөлік тәркіленіп алынды. Күдіктілер мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

– Кәсіпкерлік объектілерінің иелерімен тұрақты профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Аумақты қоршауға, объектілерді бейнебақылаумен, сигнализациямен, күзетпен күшейтуге кеңес береміз. Аталған шаралар аумаққа заңсыз кірумен байланысты мүліктік қылмыстарды жасау қауіпін айтарлықтай төмендетеді, – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

https://turkystan.kz/article/246721-sko-da-32-mln-tengenin-bidaiyn-urlagan-kudiktiler-anyktaldy

Comments (0)
Add Comment