СҚО-да 21 мемқызметкер жауапкершілікке тартылды

 istockphoto.com

Мемлекеттік сатып алудан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесін талдау шеңберінде мемлекеттік органдар тарапынан көптеген бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады СҚО прокуратурасы.

Соттарға немқұрайлы жеткізушілерге қатысты талап арыздарды уақтылы бермеу және соңғысын жосықсыз қатысушылар деп тану туралы заңды күшіне енген сот актілерін жібермеу фактілері анықталды.

«Тапсырыс берушілердің әрекетсіздігі нәтижесінде 6 жосықсыз жеткізуші конкурстарға қатысу және келісім-шарттар жасау арқылы мемлекеттік сатып алу саласына қатысуды жалғастырған. Заң бұзушылыққа жол бергені үшін қадағалау органының актісі бойынша 21 лауазымды адамды Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/246730-sko-da-21-memkyzmetker-zhauapkershilikke-tartyldy

Comments (0)
Add Comment