Атырау облысының батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде тұман.
Астанада түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады.
Ақмола облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында 2 градус үсік болады.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында күші 15- 20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 1 градус үсік болады.
Солтүстік Қазақстан облысыныңшығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні — 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 1 градус үсік болады