Сиқыршылардың құпиясы ашылды: Майкл Джексонның атақты трюгі туралы білесіз бе?

Бала кезден сиқыршылардың трюктары мен иллюзионистерге алданып өстік. Бүгін сиқыршылар арасында жиі қолданылатын трюктардың құпиясын ашамыз.

Қораптағы әйелдер

Есіңізде болса, бала кезде қорап ішіндегі әйел адамды екіге бөлетін көріністі теледидардан көрген болатынбыз. Қазір мұндай сиқырларға сенбейтін болдық. Өйткені кішкентай балалардың өзі сондай қораптың ішінде екі әйел адамның болатынын біледі.

Левитация

Көше сиқыршылары осы трюкті жиі жасайды. Бір қарағанда бұл адам қалай бір ғана таяққа сүйеніп, жерде қалықтап тұр деп ойлайсыз. Оның құпиясы – жасырын күште. Негізінде киімнің ішінен өткізілген тіреу болады. Сонда бұл – сиқыршы белгілі бір орындық секілді затта отыр деген сөз.

Стаканның жоқ болып кетуі

Үстелге бір стакан су қойылады, оны орамалмен жауып қояды. Содан кейін стаканды көтеріп, жоғары лақтырады. Нәтижесінде орамал жерге түседі, ал стакан жоқ болып шығады. Бұл жерде, ең алдымен, адамда иллюзия болу үшін орамалға дөңгелек сақина тігіледі. Сонда адамдар орамалдың астында стакан бар деп ойлайды. Екіншіден, үстелдегі жасырын тесіктен стакан төмендегі сөмкеге түседі.

Зигзаг қыз

Бұл сиқырда барлығы ассистент қыздың өзіне байланысты. Оның басты міндеті – оған арналған тар шкафта тұрып тұрған адам секілді отыруы керек.

Майкл Джексонның сиқыры

Майкл Джексон мен оның жанындағы жігіттердің «Smooth Criminal» әнін орындаған кездегі трюктері есіңізде шығар. Бұл керемет көріністе олар бір орында тұрып алға 45˚С-қа жылжыды. Мұндағы құпия ерекше өкшелі аяқ киім мен сахнадағы құрылғыда еді. Өйткені жігіттер сахнада тұрғанда белгілі бір уақытта сахна бетінде кішігірім қазық секілді темірлер пайда болады. Ал оған ыңғайлы өкшелі аяқ киім орналасқанда адам оңай алға қарай құлай алады. Алайда жерге құламай, керемет көрініс көрсетеді.

Comments (0)
Add Comment