Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері тағы бір қызметке тағайындалды

 Фото: instagram.com/islam_bairamukov_97

Ислам Байрамуков Туризм және спорт министрінің спорт омбудсмені — штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Министрдің бұйрығымен Ислам Ілиясұлы Байрамуков спорт жөніндегі омбудсмен — Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі лауазымына тағайындалды», — делінген Мassaget.kz сайты таратқан хабарламада.

Ислам Байрамуков – еркін күрестен Еңбек сіңірген спорт шебері және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. 1971 жылы Жамбыл облысының Каменка ауылында дүниеге келген. Республикалық олимпиада резерві училищесін (1989); Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының «Дене шынықтыру мен спорт оқытушысы» мамандығын бітірген (1993).

«Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы» РМКК спортшы-нұсқаушысы (1993-2004). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Құқықтану» мамандығын (2003), Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық университетін (Қаржы және экономика) (2005) аяқтаған.

https://turkystan.kz/article/246867-sidnei-olimpiadasynyn-kumis-zhuldegeri-tagy-bir-kyzmetke-tagaiyndaldy
Comments (0)
Add Comment