ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде, яғни 28 маусымнан бастап Астана қаласының жекелеген көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлады turkystan.kz.
Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі.
Биылғы 2-4 шілдеде «Есіл», «Нұра» және «Алматы» аудандарында осындай шектеулер енгізілетін болады.
«Осыған байланысты, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген ҚР Мемлекеттік күзет қызметі таратқан хабарламада.
https://turkystan.kz/article/245179-shyu-sammiti-astananyn-zhekelegen-kosheleri-uakytsha-zhabylady