Әлеуметтік желіде тінту барысы түсірілген бейнежазба пайда болды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент қызметкерлері мемлекеттік корпорацияның Шымкент қаласындағы филиалында тінту жүргізген.
«Тінту кезінде жер телімдерінің шекарасын заңсыз жылжыту фактісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бірқатар жер-кадастрлық құжаттар тәркіленді. Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін жоғарыда аталған шаралар бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті біздің корпорацияға ешқандай түсініктеме берген жоқ», – делінген хабарламада.
https://stan.kz/shimkentte-ykk-kizmetkerleri-azamattarga-arnalgan-ukime-388851/