Шымкентте студенттің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Шымкенттегі жатақханада көз жұмған 1-курс студентінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция екі күдікті ұсталғанын мәлімдеді.

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Нәтижесінде ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді.

Полиция қызметкерлері ҚК-тің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізуде.

Еске салсақ, 22 қыркүйекке қараған түні Шымкенттегі Манап Өтебаев атындағы колледжінің жатақханасынан 1-курс студентінің қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз. 

Comments (0)
Add Comment