Шымкентте қалаға келген ресейліктер қонақжай тұрғындарға алғыс ретінде сенбілік ұйымдастырды

Республика күні қарсаңында Ресейдегі мобилизациядан қашып келген орыстар мен басқа себептермен елге келгендер – барлығы 40-қа жуық адам жиналып, қолдарына сыпырғыш, тырма, күрек алып, Дендропаркте жаппай сенбілік ұйымдастырды.

Тазалық акциясына қатысқан ресейліктердің негізгі бөлігі 25-35 жас аралығындағы ер адамдар, алайда араларында әйелдер мен тіпті кішкентай балалар да бар. Олар саябақты қоқыстан, жерге түскен жапырақтардан тазартқан.

Мұндай көмек үшін шымкенттіктер қонақтарға алғыстарын білдірді, деп жазады портал

 

https://stan.kz/shimkentte-kalaga-kelgen-reseylikter-konakzhay-tyrginda-372337/

 

 

 

Comments (0)
Add Comment