Шымкентте екі полиция қызметкері алаяқтық жасады деп күдікке ілінді

Күдікке ілінгендердің бірі – бұрынғы тергеуші, ал екіншісі – Абай аудандық полиция басқармасының тергеу бастығы.

Оларды 2 маусымда ҰҚК департаментімен бірлесіп ұстаған.

«2 маусымда бірлескен жедел іс-шараларды өткізу барысында Шымкент қаласы ПД ҰҚКД және ҰҚКД қызметкерлерімен бұрынғы тергеуші және Абай ОЖБ тергеу бастығы ұсталды», – деп мәлімдеді Шымкент ПД.

Олар алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

https://stan.kz/shimkentte-eki-policiya-kizmetkeri-alayaktik-zhasadi-de-383201/

Comments (0)
Add Comment