Науқас жанжал кезінде дәрігердің ар-намысына тиіп, оған балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Кінәлі жәбірленушіден кешірім сұрап, өзін қатаң жазаламауын сұрады.
«Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, оған «кімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады», – делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Фото: istockphoto
https://aikyn.kz/278930/shymkentte-d-rigerdi-balag-attag-an-nauk-as-k-amaug-a-alyndy