Шымкентте анасын ұрған полицей қызметінен қуылды

 Istockphoto.com

Шымкенттік полицей өз анасына қол көтерген. Оқиға отбасылық жанжал кезінде болған.

Ашық сот кабинетіндегі мәліметке сүйенсек, оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20.50 шамасында орын алған. Полиция подполковнигі анасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.

Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растаған. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған.

4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды.

«Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды», — делінген полиция мәліметінде.

Айта кетейік, тәртіп сақшысы қалалық Полиция департаментіне қарасты Жедел басқару орталығының инспекторы қызметін атқарған.

https://turkystan.kz/article/246290-shymkentte-anasyn-urgan-politsei-kyzmetinen-kuyldy

Comments (0)
Add Comment