istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/272197-sylym-bermegen-aqtobede-kosedegi-adamdy-pysaqtap-oltirgen-kudikti-sottaldy
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық ниетпен адам өлтіру фактісі бойынша сотталушы «К»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жәбірленуші «М» саябақта болған кезде, өтіп бара жатқан сотталушы «К»-дан темекі сұраған.
Сотталушы «К» оған дөрекі жауап қайтарып, екеуінің арасында келіспеушілік пайда болған. Сол кезде, сотталушы «К» қалтасынан пышақ шығарып, 6 соққы жасаған.
Нәтижесінде, жәбірленуші ауруханада қайтыс болған.
Сотталушыға жаза тағайындау барысында сот, ҚК-тің 53-бабының талаптарына сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жас балаларының болуын ескерді.
Ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстың қауіпті қайталануын таныды.
Алқабилердің кесімімен сотталушы «К» ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігі, 9)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/272197-sylym-bermegen-aqtobede-kosedegi-adamdy-pysaqtap-oltirgen-kudikti-sottaldy