Шығыста заңсыз алтын қазғандар анықталды

ШҚО-да арнайы техникамен заңсыз алтын өндіру фактісі анықталды, — деп хабарлайды Alash.KZ сайты Polisia.kz порталына сілтеп.

ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір аудандарының бірінде бағалы пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген адамдар тобын анықтады.

Заңсыз әрекеттерді толық тіркеу мақсатында жедел уәкілдер ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратын пайдаланып, заңсыз жер жұмыстарын жүргізілген жердің нақты орнын анықтады.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушылық орнында алты адам ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында бір экскаватор, үш металл іздегіш құрылғы, екі автокөлік және топырақ үлгілері алынды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жерасты ресурстарына келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды.

Айта кететіні мұндай заңсыз әрекеттер тек мемлекет экономикасына ғана емес, сондай-ақ өңірдің экологиялық жүйесіне – флора мен фаунаға, табиғи ландшафтқа да елеулі зиян келтіреді.

Polisia.kz

https://alash.kz/kz/article/shygysta-zansyz-altyn-qazgandar-anyqtaldy-video.html?fbclid=IwY2xjawKcDIJleHRuA2FlbQIxMQBicmlkETFwMVJ2Tmh2V1FlWVlYR0tPAR79a6dlhKVR5MGDbaYzFYXXQK5TpK74ndkR15lxWDZ35EHL98eX7VTi6jn9_g_aem_O6lt6yU8wUeVP8Q5Jv_AvQ

Comments (0)
Add Comment