Шығыс Қазақстан облысында жаңа су қоймасы салынады

 Сурет: otyrar.kz

 

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы Кендірлік өзенінде жаңа су қоймасы салынады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ведомствоның мәліметінше, су қоймасы 60 миллион текше метр суды жинай алады. Бұл Зайсан өңіріндегі 20 мың гектар егістік алқапты суару суымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Министрлік басшысы Нұржан Нұржігітов су қоймасы құрылысының өңір үшін стратегиялық маңызы бар екенін айтты.

«Жобаны жүзеге асыру өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытуға, өнімділікті арттыруға және жергілікті шаруаларды тұрақты сумен қамтамасыз етуге септігін тигізеді, сонымен қатар облыстың экономикалық дамуына елеулі үлес қосады», — деді министр.

Айта кетейік, жобаның инвестициялық ұсынысы әзірленді, ол Ұлттық экономика министрлігінің мақұлдауына жіберілді.

https://turkystan.kz/article/243816-shy-ys-aza-stan-oblysynda-zha-a-su-oymasy-salynady

Comments (0)
Add Comment