Кұтқарушылар тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жол жағдайын «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеруді ұсынды
Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде 1-4 ақпан аралығында қар көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, қардың толассыз жаууына және желдің күшеюіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарға барынша сақ болуды, тауға шықпау керектігін ескертеміз. Егер қиындыққа тап болсаңыздар, шұғыл түрде «112» нөміріне хабарласыңыздар», – деп хабарлайды ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.
Құтқарушылар тұрғындарға алыс сапарға шығар алдында жол жағдайын «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеруді ұсынды.
фото: istockphoto.com
https://turkystan.kz/article/255350-shygys-kazakstan-oblysynda-kar-koshkini-zhurui-mumkin