Шұғыл шақыртуға бара жатқан: Семейде полиция көлігі КамАЗ-бен соқтығысты

Семейде жүк көлігі мен полицияның қызметтік көлігі соқтығысты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Патрульдік полиция батальонының экипажы Би-Боранбай көшесін патрульдеу барысында отбасылық жанжал жөніндегі шақыртуға бара жатқан, осы кезде жүк көлігімен соқтығысқан.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, КамАЗ жүргізушісі жанармай құю бекетінен шығып, қауіпсіздікке көз жеткізбеген, соның салдарынан жол апаты болған.

«Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салады. Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр», — деді полиция.

 

Ж. Қадыржанова

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

https://massaget.kz/news/shugyil-shakyirtuga-bara-jatkan-semeyde-politsiya-kolg-kamaz-125224/?fbclid=IwY2xjawIXJA5leHRuA2FlbQIxMQABHRt2gYdBbZY3OD5BZd2Ymv2bJ6pI7K6SFNesWr81HYORm5EUL-HEWiiZRg_aem_tcgq2ZfH9yaSvUZCOXUmlw

Comments (0)
Add Comment