ШУДА БІРҚАТАР МЕКТЕП ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ГАЗҒА АУЫСТЫРЫЛУДА

Бүгін аудан орталығының іргесінде орналасқан Д.Қонаев және Бірлік ауылдарында болып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен таныстық. Сондай-ақ білім ошақтарының қазандықтарын да көрдік.
Ең алдымен Д.Қонаев ауылында бой көтеріп жатқан зәулім спорт кешенінің құрылысын қарадық. Өткен жылдың күзінде басталған құрылыс жұмыстары ағымдағы айдың аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Д.Қонаев ауылында қазіргі кезде “Қазақмыс” корпорациясының есебінен ұңғыма қазу жұмыстары жүргізіліп жатқанын бұған дейін де айтқан болатынбыз. Бүгін дәл осы жұмыстардың аяқ алысын байқап, “АйКо” ЖШС-нің ұңғыманы бұрғылау жұмыстарын көріп қайттық. Тұтастай алғанда, серіктестік бұрғылайтын ұңғыманың тереңдігі 250 метрді құрайтын болса, бүгінгі таңда оның 115 метрін бұрғылап үлгерген. Оған қоса, 110 метр тереңдікке ұңғыма құбырларын жүргізген.
Сонымен қатар, Бірлік ауылындағы білім ошағы мен Шу қаласындағы №40 мектептің қазандықтарын аралап, жылыту маусымындағы дайындықтарын байқадық. Айта кету керек, аталған білім ошақтарының қазандықтары жуық арада газға ауыстырылатын болады. Қазіргі кезде арнайы техникалары орнатылып, табиғи газды тұтынуға рұқсат алынды.

Бақытжан Жәнібеков, Шу ауданының әкімі

Comments (0)
Add Comment