Қазақ хандығы құрылған құт мекен Шу ауданында “Мәдениет — асыл қазынам” тақырыбындағы мәдениет күні мән мен мағынаға толы болып өтті.
~ Мұражай жәдігерлерінің көрмесі, «Алтыбақан», «Ақбозат», «Құсбегілік өнер», қазақтың ит түрі, ұлттық қазына «Құмай тазы» және т.б. қазақ рухына тән құндылықтардың жанды көрінісі іс-шараның көркін қыздыра түсті.
-Биыл әр ауданның орталығында мәдениет күндерін кеңінен атап өту қолға алынды. Ең алдымен, баршаңызды осы атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Мәдениет күндері облыс деңгейінде өтіп жатқандықтан, сараптау комиссиясы әр ауданның мәдениет саласы бойынша жетістігін бағалап, соңында қорытындысын беретін болады.Сіздерді үздіктер қатарынан көреміз деп ойлаймыз,- деді басқарма басшысы Ерлан Нұрманұлы.
~ Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков те сөз алып, көпшілікті мәдениет күнімен құттықтады.