ШУ АУДАНЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ СПАРТАКИАДАСЫНЫҢ ҮШ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ!

2025 жылдың 3 қазанында Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Жамбыл облысы мәслихаттарының депутаттары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, депутаттар мен қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттырып, спорт пен салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, дене шынықтыруға деген қызығушылықты арттыру болды.
Жарысқа облыстың әр түкпірінен 10 команда қатысты. Оның ішінде Жамбыл облыстық мәслихаты, Тараз қаласы мен барлық аудандық мәслихаттардың құрамалары бар.
Спартакиадада Шу ауданының мәслихат депутаттары мен қызметкерлері де белсенділік танытып, жоғары спорттық дайындықтарын көрсетіп, ерекше көзге түсті.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев мерекелік шараның мән-маңызына тоқталып, қатысушыларға жылы лебізін білдірді.
Депутаттар мен қызметкерлер арқан тарту, волейбол, үстел теннисі сынды спорт түрлері бойынша бақ сынасты.
Арқан тартудан – I орын
Волейболдан – II орын
Үстел теннисінен – III орын (мәслихат депутаты А.Ш. Қомаев)
Жалпыкомандалық есепте Шу ауданының құрама командасы I орынды жеңіп алып, облыстық спартакиаданың бас жүлдесін еншіледі!
II орынды – Мойынқұм ауданы,
III орынды – Жамбыл облыстық мәслихатының командасы иеленді.
Жеңімпаздарға кубоктар, дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетерлігі, Жамбыл облысы деңгейіндегі мұндай спартакиадалар бұған дейін Қордай және Мойынқұм аудандарында да өткізілген болатын. Аталған жарыстарда да Шу ауданының мәслихат депутаттары мен қызметкерлерінен құралған команда тұрақты жеңіс тұғырынан көрініп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген еді.
Бұл — ұйымшылдық пен табандылықтың, салауатты өмір салтын насихаттауға деген шынайы талпыныстың жемісі!
Comments (0)
Add Comment