Шу ауданының құтқарушылары марапатталды

Шу ауданының бірқатар құтқарушылары қызметтік міндеттерін адал орындағаны және жоғары жауапкершілікпен атқарғаны үшін аудан әкімінің тарапынан алғыс хатпен марапатталды.
Құтқарушылар күні қарсаңындағы бұл марапат құтқарушылардың көңілін көтеріп тастады. Олар қауіпті жағдайларда өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көпке үлгі болып келе жатқаны жасырын емес. Аудан әкімінің орынбасары Серік Сәрсенбеков алғыс хаттарды тапсыру барысында өрт сөндірушілердің күнделікті еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, олардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалады. Мұндай марапаттау қызметкерлердің алдағы уақытта да қызметтерін әрі абыроймен жалғастыруына ынталандыру болмақ.
Comments (0)
Add Comment