Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов Халықарылқ әйелдер күніне орай нәзік жандыларды құттықтады

 

Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов Халықарылқ әйелдер күніне орай нәзік жандыларды құттықтады.

Шу ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов Халықарылқ әйелдер күніне орай Шу ауданында әр салада жемісті қызмет етіп жүрген, өңір дамуына үлес қосқан нәзік жандыларды қабылдап, көктемгі мерекемен құттықтады. Атап айтқанда еңбек ардагерлері, көп балалы аналар, қоғам қайраткерлерін ортаға алып, әкіммен емен-жарқын әңгіме шертті. Әз аналардың әсерлі әңгімесі, әжелердің әніне ұласып жатты. Өз кезегінде әйелдер көрсетілген қошамет үшін ризашылығын білдірді. Олардың қатарында Зейнеткер, ардагер ұстаз, ауданының Құрметті ардагері Дәнен Бейсебаева, аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көрсетіп жүрген ерікті ана Шолпан Балхожаева, Шу ауданының «Құрметті азаматы», «ҚР Мәдениет және ұлт қайраткері», ақын-сазгер Бақыт Исаева,

Көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері Айсулу Заурбаева, Халықаралық додаларда жеңіске жетіп, Туымызды желбіретіп жүрген Роксана Гасымова да бар. Кездесу соңында аруларға арналған сыйлығымды табыс еттім.

Сондай-ақ, Шу ауданында бүгінде жасы ғасырдан асқан 5 әже бар. Шөбере-шөпшегінің қызығына малынып отырған кейуаналар еліміз аман, жұртымыз тыныш заман осылай жалғаса берсе екен деп тілейді. Аудан әкімі Жарылқасын Айтақов 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Еңбек ауылы, Тұрғынбай көшесінде тұратын Айшакүл Адамкулова әженің шаңырағына арнайы барып, әзиз ананы құттықтап қайтты. Ғасыр жасаған кейуана амандығын білмекке алдына келген әкімге рахметін айтып, ақ батасын берді. Ғасыр-ғұмыр иесі өтпелі өмірінде талай қиындықты еңсеріп, қазір мәуелі бәйтерек секілді сол ұрпағының ортасында бақытты ғұмыр кешіп отыр.

Comments (0)
Add Comment