ШУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков ардагерлермен кездесу өткізді. Аудан басшысының ардагерлермен бұл кездесуі, қызметіне тағайындалғанынан кейінгі алғашқы кездесуі екенін айта кету керек.

Басқосу барысында сөз алған аудан басшысы өңіріміздің одан әрі гүлдену, дамуы жолында ардагерлеріміздің ақыл-кеңестері мен ой-пікірлерінің өте маңыздылығын атап өтті.

Ардагерлер де түрлі мәселелер бойынша ойларын ортаға салды. Емен-жарқын кездесу барысында олар аудан басшысына құрметі үшін ризашылықтарын білдіріп, қаланың гүлденуі мен әрі қарай дамуы үшін әрқашан кеңесуге дайын екендерін жеткізді.

Comments (0)
Add Comment