Шу ауданында суға кеткен баланың денесі табылды

18 тамыз күні Шу қаласындағы «Солжағалау» магистральды каналына батып кеткен 10 жасар баланың денесі табылды, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баланың мәйітін іздеу жұмыстарын жүргізген ТЖД «ЖҚЖ» мекемесінің қызметкерлері анықтаған. 

Еске сала кетейік, Шу ауданында екі бала магистральді каналға батып кеткен еді. 10 және 11 жастағы екі бала шомылуға арналмаған жерде суға түсіп, ағып кеткен.

Іздестіру шараларына 120-ға жуық адам жұмылдырылды. Олардың қатарында Шу ауданының ІІБ және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ, ауданның тұрғындары бар.

Comments (0)
Add Comment