Шу ауданы Ақтөбе ауылдық округінде балалар ойын алаңы пайдалануға берілді

Ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық — Ақтөбе ауылдық округінде балаларға арналған жаңа ойын алаңы салынды. Бұл алаңша ауыл балаларының бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылданып, таза ауада ойнауына мүмкіндік береді.
Заманауи талаптарға сай салынған ойын алаңында әткеншек, сырғанақ, өрмелеу құралдары және орындықтар орнатылған. Тұрғындар бұл игі істің ауылдың көркін арттырып қана қоймай, балалар үшін қауіпсіз және қуанышты орта қалыптастыратынын атап өтті.
Жергілікті билік өкілдері алдағы уақытта да ауылдық округтерде осындай әлеуметтік нысандарды көбейту бағытында жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Comments (0)
Add Comment