ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы ана мен нәресте өлімін болдырмау, алдын алу жөніндегі штаб төрайымы Махпал Сатыбалдықызының төрағалығымен ана мен нәресте өлімін болдырмау, алдын алу жөніндегі штаб отырысы және Жамбыл аудандық орталық ауруханасының 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы аудандық аурухананың бас дәрігері С.Чинибековтың, жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғ.Әбділданың, ана мен нәресте өлімін болдырмау және алдын алу жөніндегі штаб төрайымының орынбасары А.Абильдаеваның есептері тыңдалды.
Штаб отырысына штаб мүшелері, емдеу мекемелерінің аға дәрігерлері, медицина қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Штаб отырысында тиісті сала басшыларына қазіргі уақытта өршіп тұрғын қызылша аурыуының алдын алуда балалар арасында вакцина егу, «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасының көрсеткіштерінің сапалы орындалуы, «қауіп тобындағы» және тексерілуден бас тартқан әйелдермен аула аралау, туу жасындағы әйелдерді алдын ала тексерумен қамтуды, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды тұрғындар арасында түсіндіру, аса қауіпті аурулар мен туберкулез ауруыныңы алдын алу, тұрғындарды дер кезінде скринингпен қамту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

 

Жамбыл ауданы әкімдігі

 

Comments (0)
Add Comment