Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөніндегі Тараз қаласының аумақтық комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынның күн тәртібіне сәйкес, су айдындарындағы қауіпсіздік шараларының барысы қаралды.
Бұдан бөлек шаһарда шомылуға қауіпті аймақтар да бар. Атап айтсақ, «Тектұрмас», «Қант зауыты», «Автовокзал», «Шөлдала» мен «Қарасай» аумағында суға түсуге тыйым салынады.
Осы орайда биылғы маусымда жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қала аумағындағы жасанды немесе табиғи түрде пайда болған су айдындарында іс-шараларды одан әрі күшейтуге арналған жұмыстар кешені жоспарланғанын айта кеткен жөн.
Бұдан бөлек аталған жерлерде кезекшілік жүргізу үшін құтқарушылар тобы құрылды. Ескерте кетерлігі, жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып күнделікті рейд жұмыстарын жүргізу кезінде полиция қызметкерлерімен суға шомылуға тыйым салынған жерде, сонымен қатар, су айдындарында алкогольді ішімдікті пайдалану анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 440-бабы, 364-бабы және 412-бабы бойынша іс қозғалады.
Өткен жылы кешенді жұмыстардың арқасында қала аумағында шомылу маусымында төтенше жағдай орын алмады. Бұл жолы да олқылыққа жол бермеу үшін бірлесе жұмыс істеуіміз қажет, – деген Бақытжан Әмірбекұлы қалалық ішкі саясат бөліміне жергілікті БАҚ өкілдері арқылы насихаттық жұмыстарды күшейту мен жазғы мезгілде тиым салынған жерлерде, су айдындарында, бассейндерде ескертпе тақтайшаларды орнатуды жауапты мекемелерге тапсырды.
Тараз қаласының әкімдігі