Шоқайда ауыл болғалы асфальттанбаған көшелер жаңаруда

Шоқай ауылы тұрғындарының көптен бері айтылып жүрген өтініші орындалды.
Елді мекенде көше асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жұмыстардың талапқа сай жасалуын Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзеева қатаң бақылауға алған
– Ауыл азаматтары аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлымен өткен кездесуде Рұсқұлова мен Жалпанова көшелерін асфальттау қажеттігі жөнінде мәселе көтерген болатын. Біз жолдың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, бюджеттік нақтылауға ұсындық. Аудан басшысының қолдауымен 2 шақырымнан асатын қос көшеге жол жабындысы төселуде, — дейді Нұрсұлу Лутфуллақызы өз сөзінде.
Шоқай ауылы ауыл болып аталғалы бері асфальттанбаған көшелердегі қазіргі қарбаласқа тұрғындар ризашылығын білдіруде.
Жамбыл ауданы әкімдігі
Comments (0)
Add Comment