Шоқан Уәлиханов – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз

Кітапхана қызметкерлері М.Х.Дулати атындағы Тараз Университетінде «Шоқан асулары» кітапханалық жобасы аясында қазақтың әр алуан көкжиегінде өшпес із қалдырған жарық жұлдызы, талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы — географ Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шоқан Уәлиханов – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз» Шоқан асулары іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрлері Аида Берікқызы Альдибаева, Рита Темірбекқызы Сентаева және университет білімгерлері қатысты. Көпшілік назарына Шоқан Уалихановтың еңбектерімен арнайы материалдардан тұратын кітап көрмесі ұсынылды.

Comments (0)
Add Comment