ШҚО-да төрт ауыл ішімдік өнімдерінен бас тартты

Шығыс Қазақстан облысында 2023 жылы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 5 мыңнан астам адам орналастырылды, сондай-ақ алкогольге тәуелді 370-ке жуық адам МЕПМ-ға жіберілді.

Оңалту курсынан өткеннен кейін учаскелік инспекторлар аулаларды аралаған кезде аталған адамдарды тұрақты түрде тексереді және олардың қылмыскерлердің арбауына түсіп қалмауын және өздері бұзушылықтар жасамауын қадағалайды.
Айта кетсек, полиция, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық кеңестер жүргізіп жатқан шаралар қазірдің өзінде оң нәтиже беріп келеді.

«Облыстағы төрт ауылдың тұрғындары: Катонқарағай ауданындағы Көкбастау, Күршім ауданындағы Теректібұлақ, Ұлан ауданының Жанұзақ және Тарбағатай ауданының Байтоғас ауылдары ішімдік ішуден бас тартқан. Бұл осы ауылдардағы қылмыстық ахуалға оң әсер еткен. Онда қазір бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген. Бұл басқа елді мекендердің тұрғындарына да жақсы үлгі болмақ», – деп жазылған хабарламада.

 

https://turkystan.kz/article/238946-sh-o-da-t-rt-auyl-ishimdik-nimderinen-bas-tartty

Comments (0)
Add Comment