Шетелдерден 36 мың басқа жуық асылтұқымды ірі қара мал сатып алынады

Жамбыл облысында шетелдерден 36 мың басқа жуық асылтұқымды ірі қара мал сатып алынады.

Бұл жоспар 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Аймаққа ет бағытындағы сиырлардың алғашқы легі Ресейдің Алтай өңірінен әкелінді. Жергілікті шаруалар 600 бас қазақтың ақбас тұқымын Мойынқұм ауданына жеткізді. Бұл шаруақожалық иесі бұған дейін 1 мың 700 бас «қалмақ» тұқымын әкеліп жерсіндірген. Алдағы уақытта Ресей мемлекетінен тағы да 3 мың бас импорттауды көздеп отыр. Мамандар«Бұл ет экспортының көлемін арттыруға мүмкіндік береді», – дейді. Жалпы облыста етті мал шаруашылығын дамытуға арналған салалық бағдарламасымен мал сатып алуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қорына 19 өтініш келіп түскен. Оның 4-і мақұлданып, 105 миллион теңгеге жуық несие берілген. Қазір осы бағытта Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Comments (0)
Add Comment