«Шетел азаматтары Алматыда теракт жасамақ болды» – Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды.

Алматы, NEGE. Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды.

Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.

Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 6-сы шетелдіктер.

https://nege.kz/news/shetel-azamattari-almatida-terakt-zhasamak-boldi-ulttik-kaupszdk-komitet-26306b

Фото: ҰҚК

Comments (0)
Add Comment