Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты іс тоқтатылды – адвокат

Ғаламтор

https://turkystan.kz/article/265109-serzat-polattyn-agasy-nurqanat-gaiypbaevtyn-olimine-qatysty-is-toqtatyldy-advokat
16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы осы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Нұрқанаттың ісі тоқтатылған. Алайда біз болашақта істі қайта жандандыру  үшін өтінішхат түсіретін боламыз», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсан айының басында Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі Талғар маңынан табылған болатын. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Оған дейін, 4 қазанда інісі Шерзат Полат топтық төбелесте көз жұмып, Нұрқанаттың өзі жарақат алған еді.

 

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265109-serzat-polattyn-agasy-nurqanat-gaiypbaevtyn-olimine-qatysty-is-toqtatyldy-advokat

Comments (0)
Add Comment