Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Шерхан Мұртазаның қазасы қалың елдің қабырғасын қайыстырды. Қарымды қаламгердің ұлт мұраты, ұрпақ болашағы жолында атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Ол көркемсөздің көрнекті өкілі ғана емес, жалпақ жұрттың жайына жан-жүрегімен алаңдаған, тәуелсіздік тағылымы, ел, жер, тіл тағдыры туралы тереңнен толғаған Алаштың абыз ақсақалы еді.
Сондықтан да ақиқаттың алдаспанына, шындықтың шырағданына айналған таутұлғаның төл тарихымызда алатын орны бөлек. Қалың елі – қазағының ықылас-пейілі мен сүйіспеншілігі тіптен ерек. Осы орайда, біз Шерхан Мұртазаның редакциямыздың мұрағатында сақталған фотосуреттерін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.