«Шелпек пісірді»: Әнару Құрманәлі адвокатымен бірге мешітке барып, Құран оқытты

Әнарудың анасының аруағына бағыштап, жеті шелпек пісіріп, мешітте құран оқыттық.

 Facebook/ Lyazzat Akhatova

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен арыз жазған Әнару Құрманәлі адвокатымен бірге мешітке барып, анасының аруағына құран бағыштады. Бұл туралы Ләззат Ахатова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. 

«Әнарудың анасының аруағына бағыштап, жеті шелпек пісіріп, мешітке барып, құран оқыттық. Әнару шелпектерді өз қолымен пісірді. Қамырын мен ашытып кеткенмін. Үстіндегі көйлек менің көйлегім. Өзім тіккем. Тігіншілік өнерімнің алғашқы туындысы ғой. Мамасының киімін киіп алғандай қолпылдатып, «матасы жайлы, күшті екен» деп келгенде киіп алады.

Орталық мешітке барайық деген Әнарудың ұсынысы. Әкесі Қалдыбек ағамыз бен аяулы әпкеміз Ақмаржанның Алла алдындағы некесін қиған кісі қазір осы мешіттің бас имамы екен», — деп жазды Л. Ахатова.

Еске сала кетейік, 21 тамызда әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров Әнару Құрманәліні зорлады деген ақпарат тарады. Кейін Алматы қаласының полициясы аталған ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

https://turkystan.kz/article/248343-shelpek-pisirdi-naru-ku-rman-li-advokatymen-birge-meshitke-baryp-ku-ran-okytty

Comments (0)
Add Comment