ШЕКАРАДА МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ БАСТАЛДЫ

Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының  әйелдер кеңесінің төрағасы майор Д.М.Браш, әйелдер тобы құрамымен «Б.Момышұлы», «Ақсуат», «Шөлдала», «Жасөркен», «Бесағаш», «Айша бибі» шекара бөлімшелеріндегі отбасы мүшелері және мерзімді әскери қызметшілерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Әскери бөлімде жаңа жыл мейрамы қарсаңында сарбаздарды құттықтау, бұрыннан келе жатқан дәстүрлі шара болып қалыптасқан.

Әдеттегідей әскери қызметшілер казармадағы үй-жайларын безендіріп, жаңа жылға арналған бейне баспалары мен қабырға газеттерін іліп, ортаға шағын шыршаларын орнатып, құттықтау сөздерін жаңғырты.

Одан басқа, сарбаздар асханасында үлкен дастархан жайылып, ортада шырша әшекейленіп, аяз ата мен ақшақардың қатысуымен жаңа жылды қарсы алды.

Сарбаздарды жаңа жылымен құттықтаған Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының бастығы подполковник Б. Б.Абуов: — Құрметті сарбаздар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Жаңа жыл жаңа жетістіктерге толы. Тәуелсіздік арқылы біздің ұлы Отанымыз жылдан жылға өркендей түсуде. Мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын! Жаңа жыл сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой – мақсаттар жүзеге асатын, арман – үміттер ақталатын жыл болсын, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Сіздерге зор денсаулық, және ел қорғаудағы істеріңізге сәттілік тілеймін! – деді.

Мейрам кешінде сарбаздар ата-аналары, туған-туыстарымен ұялы телефондары арқылы хабарласып, жаңа жыл мейрамдарымен құттықтады. Одан өзге, сарбаздар концерттік бағдарламаларының қойылымын ұйымдастырып, өз-ара сайыстар өткізді, қызықты ойындар ойнап, жаңа жылды ерекше көңіл күймен қарсы алды.

Comments (0)
Add Comment