Шаруалардың тірлігі ширақ

Ерте келген көктем шаруалардың ерте қамданып, дала жұмыстарына бел шеше кірісуге мол мүмкіндік беруде. Әсіресе, Қордай ауданының дүнген ағайындар қоныстанған ауылдардағы алқаптарда қауырт тірлік басталған. Көкөніс өсіруде алдында жан салмайтын ағайындардың биылғы жылға да мол өнімнен үміті зор.

Сортөбе ауылдық округінде жалпысы 115 шаруа қожалық пен «Шенси» жауапкершілігі шектеулі серіктестік орналасқан. Былтырғы жылы аталмыш округ ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерін алуда сүбелі үлес қосты деп нық сенімен айтуға болады. Мәселен, 2022 жылы сортөбеліктер жалпысы 600 гектар алқапқа арпа сеуіп, әр гектардан 20 центнер астық қырманға жеткізілген. 502 гектар алқапқа дәндік жүгері егіп, одан 3754 тонна өнім алған. Орташа өнім әр гектарынна 20 центерден айналыпты. 811 гектарға себілген картоп әр гектарынан 70 центнер өнім беріп, жалыпысы 20385 тонна картоп қамбаға құйылған. 332 гектарға себілген көкөніс әр гектарынан 300 центнер өнім беріп, 9960 тонна көкөніс жинап алынған. Осылардың қатарында бір ғана сарымсақ 5808 тонна болған. Көпжылдық шөптен 4305 тонна мал азығына даярланған.
Биыл да бітік бидай мен дәруменді көкөністен мол өнім алуды көздеп отырған сортөбелік шаруалар 500 гектар алқапқа арпа, 500 гектарға жүгері, 855 гектарға картоп, 1000 гектарға көкөніс, 650 гектарға көп жылдық шөптер мен 20 гектарға қант қызылшасын себуді жоспарлап отыр. Ауа райы тосын мінез танытпай, суармалы судан проблема болмаса шаруалар биыл да жоғары нәтижелерге қол жеткізбек.

Comments (0)
Add Comment