17 наурызда Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігінің төртінші күні – Шаңырақ күні атап өтіледі. Бұл күні отбасы, ұрпақтар сабақтастығы, үлкендерге құрмет және отбасылық құндылықтары дәріптеледі. Күннің басты символы – шаңырақ, біртұтас әулеттің, бірлік пен татулықтың белгісі.
Бұл күні отбасы тақырыбына ерекше мән беріліп, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі. Соның бірі Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде ұйымдастырылды. Оның аясында жазасын өтеушілер жырақтағы отбасыларына, туған-туыс, жақындарына хат жазды. Сәлем хатта сотталғандар өз жақындарына деген сағынышы мен жүрекжарды тілектерін қағаз бетіне түсіріп, шынайы сезімдерін жеткізді.
Мұндай шаралар сотталғандардың психологиялық жағдайына оң әсерін тигізіп, олардың қоғамға бейімделуіне, отбасы құндылықтарын бағалауына ықпал етеді. Мекеме қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылған бұл игі бастама сотталғандардың түзелуіне, жақындарымен қарым-қатынасты сақтауға және отбасылық байланыстарды нығайтуға бағытталған.