ШӘМШІ ӘНДЕРІ ЖАНДЫ ДАУЫСТА ШЫРҚАЛДЫ

Концертте Ш.Қалдаяқов туралы бейне роликтер, композитор туралы айтылған ой-пікірлер бейнеконтент арқылы көрсетілді. Әннің мәтіндері лэд экраннан шығарылып, көрермендермен бірге орындалды. Үздік орындаған көрермендерге филармония концерттеріне шақыру қағаздары берілді.
«Шәмші туралы 11 сұрақ» айдары арқылы композитордың өмірі мен шығармашылығынан сұрақтар жасырылып, дұрыс жауабын айтқан тыңдармандарға өнер ұжымының «CD» жинақтары тарту етілді.
Концертте филармонияның эстрада және дәстүрлі әншілері «Өмір өзен», «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең», «Қайықта», «Көгілдір көкше», «Сүймегендер сағынбайды», «Сыған серенадасы», «Әнім сен едің», «Ақ келес-Арайлым», «Ана туралы жыр», «Қуаныш вальсі», «Ақ бантик» сынды т.б. әндерін орындаса, «Ақкербез» би ансамблі мен «Айша Бибі» фольклорлық-этнографиялық би ансамблі бимен көркемдеді.
Ән кеші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне айналған композитордың «Менің Қазақстаным» әнімен аяқталды. Өнер ұжымының репертуарында дәстүрге айналған бұл концерт алдағы уақытта барлық елді-мекендерде жалғасын табады.
#жамбыл_мәдениет_ақпарат
Comments (0)
Add Comment