ШАЛҒАЙ АУЫЛДЫҢ КӨШЕСІ…

Орталықтан 43 шақырым қашықтықта орналасқан Жаңа өткел ауылы Жуалы ауданынан Жамбыл өңіріне алынған. Орталығы — Тоғызтарау ауылдық округі.
Жерге көк шыға бастаған тұста Тоғызтараудағы клубта аудан әкімінің ең алғашқы есептік кездесуі өтіп, онда Теміржан есімді Жаңа өткел ауылындағы ағамыз өңір басшысына ауылдықтардың аманатын арқалап келгенін айтты.
Жауын-шашын да лай, жел тұрса шаңы көтерілетін Ж.Садықов көшесі толықтай асфальт көрмегегенін ашып айтып, тағайындалғанына бір жұма өтпеген Ерлан Қыдыралыұлының уәдесін алып қалды.
Арада 7 ай өтті.
«Сөзден-іске» келер болсақ, ұзындығы 830 метрді құрайтын көшеге, «Д- квадрат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ені 4,50 метрді құрайтын жол жабындысын талапқа сай төседі.
Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
Comments (0)
Add Comment