Шахтинскте пәтерге өрт қойған күдікті ұсталды: Полиция видео жариялады

Шахтинскте пәтерге өрт қойған күдікті ұсталды: Полиция видео жариялады: 23 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Қарағанды полицейлері Шахтинск қаласында пәтерге өрт қойған күдіктіні ұстаған сәтін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қауіпті жағдайда өткен арнайы операция барысында тәртіп сақшылары жоғары кәсібилік пен жанкештілік танытып, күдіктіні жедел түрде қолға түсірді. 40 жастағы ер адам көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерде газ баллонынан газ шығарып, артынша әдейі өрт қойған.

Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен полиция қызметкерлері бірден тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Дәл осы сәтте 5-қабаттағы пәтерлердің бірінде болған күдікті полицейлерді көре сала газды әдейі шығарып, өрт тұтатқан. Жарылыс қаупі өте жоғары болғанына қарамастан, тәртіп сақшылары батыл әрекет етіп, өмірлерін қатерге тіге отырып, күдіктіні ұстау операциясын соңына дейін жеткізді.

Жедел әрі үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде күдікті ұсталды. Өрт салдарынан бес полиция қызметкері жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды.

Қазіргі уақытта күдікті аурухананың арнайы палатасына жатқызылып, күзетке алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Тэгтер:

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278566-saxtinskte-paterge-ort-qoigan-kudikti-ustaldy-policiia-video-zariialady

Comments (0)
Add Comment