Сейсмологтар апатты жағдайдағы емхана туралы мәлімдеме жасады

Сейсмология институты Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың балансында тұрған жаңа емхананың қабырғаларындағы жарықтарға қатысты түсіндірді деп хабардады turkystan.kz.

«Astana TV» арнасының мәліметінше, Алматыдағы 775 миллион теңгеге салынған жаңа емхана құлағалы тұр.

«Алматы қаласының ТЖД-не және Сейсмология институтына да хабарластық. Қағаздарына қарасақ, еш қауіп жоқ, пайдалана беруге болады дейді. Бірақ жыл сайын тозып бара жатқанын көріп отырмыз. Бес жылдың ішінде шамамен 10 шақты см отырған» – деді №7 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Манас Рамазанов.

Осы орайда,  Сейсмология институты директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Куат Жағабаев емхана ғимаратының орнықтылығына қатысты мәлімдеме жасады.

«Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен 2022 жылы 24 мамырда аталған емханаға барып, визуалды тексеру жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың тірек конструкциялары бұзылмағаны анықталды, бірақ іргеқабатында жеке қалқалардың ажырауы және шөгу деформациялары байқалды. Емхананың сыртқы әрлеуі жекелеген учаскелерде сылақтың қатпарлану түрінде зақымдалуы байқалды. Ғимаратқп келтірілген залалдың деформациялану себептерін анықтау мақсатында және емхананың одан әрі әрекеті туралы шешім қабылдау үшін комиссия емхана басшылығына жазбаша сараптама жүргізуді ұсынған болатын. Бұл ретте емхана басшылығы осы уақытқа дейін бұл мәселемен хабарласқан жоқ», – деді.

 

Comments (0)
Add Comment