Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ.
“Корея Республикасындағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. Кореялық құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылды”, – делінген хабарламада.
Дипломаттар консулдық есепте тұрған қазақстандықтарға хабарласып жатыр. Консулдық бөлім жанындағы жедел штабтың шұғыл байланыстары:
Жұмыс тел.: +82 2 379-9714, +82 2 394-9716;
Ұялы тел.: +82 10 6682 2992, +82 10 6542 7771;
Эл. пошта: seoul@mfa.kz;
Мекен-жай: 53 Jangmun-ro, Yongsan-gu, Seoul, 140-809 서울시 용산구 장문로 53, 140-809.
https://stan.kz/seulde-hellouin-merekesin-toylau-kezinde-koz-zhymgandar-372560/