СЕССИЯ

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезекті 35-сессиясына қатысты.
Жиын барысында ең алдымен қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы баяндады.
2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасы Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексіне сәйкес қалыптастырылды. 2026 жылға қалалық бюджеттің өзіндік кірістері мемлекеттік кірістер департаментінің болжамына және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұсынысына сәйкес 100,295 млрд. теңге көлемінде жоспарланып отыр.
Келесі кезекте күн тәртібіндегі 2026 жылға арналған Тараз қалалық мәслихатының перспективалық жұмыс жоспарын бекіту, шаһардың 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту, Тараз қалалық мәслихатының экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі, «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25-3 шешіміне, «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы рәміздер жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №2-7 шешіміне, «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-5 шешіміне, «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңес құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 наурыздағы №3-10 шешіміне және «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 12 шілдедегі №17-6 шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері жан-жақты қаралды.
Жиынды қорытындылаған шаһар басшысы қала бюджетін тиімді игеру мақсатында мәслихат депутаттарымен бірлесе жұмыс жүргізуге дайын екенін атап өтті.
Comments (0)
Add Comment