«СЕРПІН» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ ЖАСТАРҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ЖОБА

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 13 наурызы «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында Рудный индустриялық университетінің өкілдері Жамбыл облысының аудандық білім бөлімдерінің жауапты мамандарымен онлайн форматта кездесуі өтті.
«Серпін» бағдарламасы – жастарды қолдауға бағытталған бірегей жоба. Ол еңбек күші тапшы өңірлерге мамандарды тарту арқылы аймақтық теңгерімділікті қамтамасыз етеді. Бағдарламаға қатысушылар тегін білім алып, шәкіртақы және жатақханамен қамтылады. Оқуды аяқтаған соң, түлектерге тұрақты жұмыс орындары ұсынылады.
Егер болашағыңды тұрақты жұмыс пен сапалы біліммен байланыстырғың келсе, «Серпін» – сенің мүмкіндігің!
Comments (0)
Add Comment