Тараз қаласында «Жасыл желек – жердің көркі» көгалдандыру, көріктендіру жобасы аясында тазалық жұмыстары жалғасып жатыр.
Осы наурыз айындағы өткен екі сенбілікте қалаішілік жолдар мен арыз-атыздар тазаланды. Меншік нысанына қарамастан үй, дүкен, мекеме аулалары қыс бойы жиналған қоқысты тазалады.
«Жасыл Ел – Тараз» мекемесің бригадасы округ аумақтарынан 1 662 куб қоқыс шығарып, арнайы орынға жеткізді.
Сонымен қатар тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару учаскесі де 9 450 куб қоқыс шығарды.
Ертеңгі сенбілік жұмыстарына барынша атсалысайық! «Тазалық табалдырықтан басталады» дейді халқымыз. Ауланы ретке келтіріп, ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, мәдениет пен талғамның белгісі.Сондықтан қала тазалығына атсалысайық!